Залалсыз өндіріс
Соңғы кездері қоршаған ортаны қорғау мәселесіне біздің өндірістік аумақта ерекше көңіл бөлінеді, облысымыздың әрбір кәсіпорыны табиғаттың зақымдануын төмендетуге тырысуда. «Компания Нефтехим LTD» ЖШС-гі солардың бірі. Қоршаған ортаны қорғау жөніндегі өзіндік арнайы бағдарламасын қабылдап, оны іске асырып отыр. 2013-2015 ж.ж. бұл бағдарламаға бөлінген қаражат соммасы әлдеқайда өсті, осы уақыттың ішінде бағдарлама шеңберінде кәсіпорында бірнеше ірі жобалар енгізілді.
Пропиленді түйіршіктеу үшін арнайы қондырғы салып, ұнтақтық полипропиленді түйіршіктерге айналадыру — ең маңызды жобаның бірі. Бұл түйіршіктелген өнім экологиялық жақтан ортаны аз ластайды,мысалы, тиеу түсіру жұмыстары мен тасымалдау кезінде атмосфераға полипролилендік шаң –тозаң шығарылуы жылына 0,2 тоннаға кемиді.Өткен жылы бұл жобаны іске асыру үшін 1,5 млрд.теңге қаражат бөлінді, ал осы жылдың бірінші жартыжылдығының өзінде 23 млн.теңге жұмсалды.
Осыдан басқа, өткен жылдары ауа компрессорлық станциясын жаңарту жұмысы жүргізіліп, нәтижесінде кәсіпорынның жаңа объектілеріне қажетті тығыздалған ауа жасау өндірісі ұлғайды. Осы шаралар өткізу кезінде рефрижераторлық жабдықтар адсорбциялыққа ауыстырылып, фреонның пайдалануын жылына 0,01 тоннаға дейін төмендетілді. Жалпыға мәлім фреон атмосферадағы озон қабатын жоятын заттарының бірі. Өткен жылы бұл шараға жұмсалған ақша 17 млн.теңге құрады. Осы жылдың бірінші жартыжылдығында ол сомма 0,7 млн.теңгеге тең.
Кәсіпорын территориясында су тазартқыш ғимаратының құрылысы жүргізіліп, оның көмегімен суды механикалық қоспалардан, құнар беру және су айналым жүйесіндегі тұз мөлшерін төмендетіп, сырттан келетін өндірістік суды сумен қамтамасыз етілу жұмыстары оң нәтижеге жетті. Градирняның сапасыз жұмысы нәтижесінен болатын су шығыны әлдеқайда азайтылып, градирняның форсункалары мен резервуарын мезгілдік тазарту жұмыстарына кететін шығынның көлемі азайды. Жылу алмасу аппараты мұржалар жүйесі тазарту жұмысынан өтті, сорғыштар, құбыр желісі мен ілмекті арматура жөнделіп, суытқыш жүйесінің технологиялық құрылғыларының пайдалану мерзімі қомақты ұлғайды. Бұл іс-шараны іске асыру үшін 2014-2015 ж.ж. 48 млн.теңге шығын жұмсалды.
Атмосфералық ауаның ластану деңгейін төмендетіп, жер ресурстарын қорғау мақсатында, кәсіпорын территориясында көгалдандыру және көріктендіру жұмыстары қарқынды жүргізілуде, уақытында топырақ құнарлылығы қалпына келтіріліп, құрылыс алаңдары аумағы көріктендіріліп, гүлзарлар мен гүлбақшалар жасалынады. Одан басқа, кәсіпорын аумағында қажетті кірме жолдары бар, жабдықтар үшін арнайы алаңдары қатты жабынмен жабылған.
Осы жылы 800ш.м.-ден асатын жаңа алаңдар пайда болды, ұсақ жапырақты шегіршіннің 500-ден аса бұталары отырғызылды. Осыдан басқа алауды жаңартып, бу шығаратын қазанды орнату жұмыстары жоспарланып отыр. Бу шығаратын қазанды орнату нәтижесінде атмосфераға шығатын зиянды заттарының саны азайып, көмірсутек газдарын кәдеге жарату мәселесі реттеледі. Одан басқа, концентрациялық полипропилен қондырғысын орнату нәтижесінде алынатын метан этандық фракция өзіндік су буын шығаруға мүмкіндік береді.